Бизнес тренингтер топта белсенді оқыту арқылы іскерлік дағдылар мен білімді жаңартуға немесе дамытуға бағытталған. Негізі мұндай тренингтер кәсіби дағдылар мен білім береді, оларды меңгеру арқылы адам белгілі бір қызметтік міндеттерді тиімді орындай алады. Дегенмен, біздің Орталықтың мамандары іскерлік білім берудің көптеген әдістеріне жүгініп, тұлғаның кәсіби маңызды қасиеттерін дамытуды мақсат етіп қояды.
Бизнес-тренингтердің ең танымал түрлерінің бірі тиімді сату өнеріне үйрету болып табылады, өйткені нарықтық қатынастар жағдайында өз өнімдері мен қызметтерін дұрыс ұсына білу бизнестің негізі болып табылады. Мұндай тренингке қатыса отырып, адам тек сатуды ғана емес, сонымен қатар тиімді келісімдер жасауды, жарнама саясатын анықтауды, тұтынушының психологиясын үйренеді.
Өз уақытын басқару тренингтері жоспарлау дағдыларын қалыптастыруға, өз қызметін тек жұмыс міндеттерін орындауға ғана емес, сонымен қатар жеке өміріне де жеткілікті уақыт бөлетіндей етіп ұйымдастыра білуге бағытталған. Сабақ барысында адам өзінің өмірлік басымдықтарын анықтауды үйренеді, неге талпынып, қол жеткізгісі келетінін шешеді, сонымен қатар көздеген мақсаттарын жүзеге асыру жоспарын жасайды. Өз уақытын қалай басқару керектігі туралы білімді меңгеру арқылы адам көбірек еркіндікке ие болады, өз өмірін басқарады, сонымен қатар жеке тұлғалық дамудың басқа салаларын жүзеге асыру үшін қорлар табады.
Бизнеске арналған НЛБ бағдарламасы, нейро-лингвистикалық бағдарлаудың негізгі білімдері мен дағдыларын игеруге бағытталған.
Келіссөздерді қалай тиімді жүргізуге болады?
Адамды вербальды (сөз жүзінде) және бейвербальды белгілер бойынша қалай тануға болады?
Тұтынушылардың да, қызметкерлердің де қарсылықтарымен және шектеулі сенімдерімен қалай күресуге болады?
Тренингтер жекетұлғалық және кәсіби өсудің ең жаңа әдістерін ашуға бағытталған. НЛБ-техникаларын меңгеру арқылы бізідің санамыз бен бейсанамыздың өзі, алға қойған міндеттерді жүзеге асыруда шешімін табады. Бизнеске арналған НЛБ тренингтері мамандарды тұтынушылармен сауатты және тиімді жұмыс істеуге, білім мен ойлауды сабақтастыруға үйретеді.