Бүгінгі таңда, білікті психолог мектептен бастап мұнай компаниясына дейін кез-келген ұжымның жұмысындағы ең маңызды буын болып табылады. Маман адамдар арасында дұрыс қарым-қатынас орнатуға, стресстік жағдайлар мен қақтығыстардың алдын алуға, сонымен қатар адамның жеке тиімділігін арттыруға көмектеседі. Көбінесе университетте алған негізгі білім белгілі бір компанияның немесе адамдардың нақты сұраныстарын шешуге жеткіліксіз. Сондықтан психологтың кәсіби дамуы – клиенттерге сапалы көмек көрсету, өз біліктілігін арттыру және кәсіби өсу, өз бағыты бойынша мүмкін болатын бәсекелестік және лайықты табыс алу үшін жұмыстың құрамдас бөлігі болып табылады.

Психологтардың біліктілігін арттыру курстары –заманауи психология саласындағы өзекті ақпараттарды алу, әріптестерімен тәжірибе алмасу мүмкіндігі, сонымен қатар жаңа әдістерді тәжірибеден өткізу алаңы. Сабақтар жайлы ортада пікірлестер ортасында өтеді, оқыту процесі жаңа білімдерді қиындықсыз игеретіндей етіп реттелген.

Біздің Орталық базасында өтетін курстардың тыңдаушылары барлық заманауи стандарттарға сәйкес келетін, қалыптасқан теориялық базаға оңай кіріктірілетін жоғары сапалы, практикалық білім алады.

Осы уақытқа дейін біздің Орталықта бірнеше жоба жүзеге асырылған. Білім беру мекемелерінің мыңдаған психологтары оқушылар арасында зорлық-зомбылық пен суицидтің алдын алу үшінпсихологиялық кеңес беру мен НЛБ негізгі дағдыларына оқытылды. Сонымен қатар, мыңнан астам маман оқушылардың деструктивті және аутодеструктивті мінез-құлқының тәуекел топтарын ерте анықтаудың бірыңғай жүйесін енгізу, сондай-ақ тәуекел тобындағы оқушыларға психологиялық көмек көрсету үшін оқытудан өтті.

Оқуды аяқтағаннан кейін психологтар. маманның құзыреттілігін растайтын сертификат беріледі.